Әнші Әділ Сламхан денсаулығына байланысты ем қабылдап жатыр

2 526

Фото:© видеодан скриншотТанымал әнші Әділ Сламхан ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sn.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы әншінің жұбайы Дана Маханбаева әлеуметтік желіде мәлімдеді. 

"Біраздан бері көңілде мұң басып жүргені рас. Әдекеңнің белі ауырып, грыжасы мазалап болмаған соң ота жасалды. Қазір Аллаға шүкір орнынан тұрып жүр. Алла шипасын беріп шауып кет Әдекем!", - деп жазды ол.

Әлеуметтік желіде оқырмандар әншіге қолдау білдіріп, тезірек сауығып кетуін тіледі.

 "Алла шипасын берсін", "Тезірек Шапқылап кетіңіз", "Тіл-көзден аман болыңдар", - деп жазғандар болды.

Әділ Сламхан – қазақ эстрадасының танымал әрі жарқын өкілдерінің бірі. Ол 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Оның отбасы өнерге жақын болғандықтан, бала кезінен музыкаға қызығушылығы оянған. Әділ мектеп қабырғасында жүріп-ақ түрлі музыкалық шараларға қатысып, қабілетін шыңдай бастады. Кейін Алматыдағы №1 музыка мектебінде білім алды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.