Айгүл Иманбаева өзіне жасалған дуа туралы айтты

2 508

Фото: ©видеодан скриншотБелгілі әнші Айгүл Иманбаева күтпеген жайтты баяндап, жұртты шошытты.Оның айтуынша, бұл жағдайдан кейін олар арнайы іздеу жұмыстарын бастаған.Ол бұл туралы журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі bairaqmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жағдай кафелердің біріндегі әйелдер дәретханасында болған. Айтуынша, бөлме ішінде орналасқан кішкентай есік өздігінен ашыла берген.

«Соны жауып тастауды өтіндім. Ішінде қоқыс жоқ па екен деп жарық жағып қарағанымда, бума-бума қағаз таптым. Алып қарасам, ұлым екеуміздің суретіміз. Барлық жерімізге ине қадалған. Асқазан, жүрек, қуық жақтың барлығына ине тығып қойған. Екеуміздің арамызды жақсылап бөліп тастаған. Мен ондайды тек кинодан көргенмін», – дейді әнші.

Оның айтуынша, бұл жағдайдан кейін олар арнайы іздеу жұмыстарын бастаған.

«Сосын іздей бастадық. Айнаның артынан, канализацияның трубасынан барлық жерден 300-ге жуық сурет таптық. Содан жұмыстан кейін іздеуді әдетке айналдырдық. Ине, түйреуіш, топырақ, қасық, қан, шаш сияқты түрлі нәрселер таптық. Жұмыс жүрмейді, түгел минусқа кеттік», – деп бөлісті Айгүл Иманбаева.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.