Жазира Байырбекова жаңа жылға дайындығын көрсетемін деп сынға қалды

2 532

Коллаж: Sn.kzБелгілі әнші Жазира Байырбекова жаңа жыл қарсаңында ірі сауда орталығында азық-түлік сатып алып жүрген сәтін әлеуметтік желіде жариялап, көпшіліктің назарын аударды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Видеода өнер иесі жұбайымен бірге дүкен аралап жүргенін көрсетіп, жазбасын әзіл-қалжыңмен толықтырған. Оның айтуынша, мереке жақындаған сайын сауда орындарында адам қарасы көбейе түседі.

«Тойдан кейін дүкенге кірсек, ине шаншар орын жоқ. Жәкең “азық-түлік таусылып қалмай ма?” деп қалжыңдайды. Жаңа жыл таяғанда дүкен де, халық та мерекелік көңіл күйге енеді. Ал сіздер дайындықты қалай бастап жатырсыздар? Бәрін ертерек алып қойдыңыздар ма, әлде біз секілді соңына қалдырдыңыздар ма?» – деп жазды әнші.

Алайда бұл жазба желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды. Кейбірі әншінің әрекетін орынсыз деп бағалап, қарапайым болуға шақырды.

«Айтта да осылай көрсетер ме едіңіздер?», «Қаржы болса, бәрі оңай», «Күнделікті азық-түлік алуды жариялау міндет пе?» деген сарындағы пікірлер де жазылды.

Сонымен қатар, Жазира Байырбекованы қолдаған желі қолданушылары да аз болмады. Олар әр адамның мерекеге қалай дайындалатыны – жеке таңдауы екенін айтып, әншіге қолдау білдірді.

Осылайша, Жазира Байырбекованың жаңа жыл алдындағы қарапайым видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.