"Үндемей отыра алмаймын": Айқын Төлепберген өз жанайқайын жеткізді

719
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Айқын Төлепберген желіде ашуға булыққан жазба жариялап, қалың көпшілікке өз жанайқайын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ  

Айқын Төлепберген өзінің айтқан сөздері халық арасына бұрмаланып жетіп жатқанына күйінді. Өнер иесінің сөзінше, бұл қоғамда шындық айтқан адам бәлеге қалады.

Эстрада жұлдызы Instagram желісі арқылы оықрмандарымен байланысқа шығып, оларға бұл жағдайға қатысты өз жанайқайын жеткізді.

"Айқайлағым келіп тұр. Айтқан нәрсеңді басқаша түсінеді. Ішінен керекті сөздерін жұлып алып басқаша бұрмалайды. Шындық айтсаң, бәлеге қаласың. Басқалар сияқты ауызымды суға толтырып үндемей отыра алмаймын. Өз ойымды ашық айта аламын. Сізге де соны тілеймін. Аман болайық", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары Айқынның бұл жазбасына қатысты екі түрлі ой білдірді. Бірі оны толығымен қолдаса, енді бірі оны керісінше сынның астына алған.  
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.