Актриса Әсел Сәдуақасова ажырасып кеткенін растады

2 711

Фото: instagram/asselsadvakassovaОтандық танымал актриса Әсел Сәдуақасова күйеуі Мағжан Тілеухановпен ажырасып кеткенін растады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Актриса Instagram парақшасының Stories бөлімінде жеке өмірінде болып жатқан өзгерістер туралы жазды.


«Бүгін жеке өміріме қатысты бір жайтты айтатын уақыт келді. Дегенмен өмірімде болып жатқан өзгерістерді көбіңіз сезіп те жүрдіңіздер. Соңғы бірнеше айда күніне кемінде бір рет «Мағжан қайда? Сіздер ажырасып кеттіңіздер ме?» деген хаттар келіп жүрді. Иә, сіздердің болжамдарыңыз дәл келді. 4 қазан күні біз ресми түрде ажырастық.

Бұл өзара жасалған шешім болды. Ешкім ешкімді тастап кеткен жоқ. Осыған дейінгі әрбір қадамды бір бірімізге айтып отырып жасадық. Осы жылдың сәуір айында біз ажырасу туралы ашық айттық. Арамызда реніш болып, осыдан кейін бірге отбасы болу үшін үйлесімді өмір сүру қолымыздан келмей жатқанын талқылай бастадық. Оған себеп болатын нақты ешнәрсе жоқ еді. Тек бірге болып, өмір сүруіміз қиындай берді. Бір отбасы ретінде тіл табыса алмадық», - деп жазды Әсел Сәдуақасова.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.