«Өнер адамдары клоун емес!»: Әнші докторантураға емтихан тапсырды

2 511

Фото:©instagram.com/aigul_imanbayeva/Танымал әнші Айгүл Иманбаева күтпеген жаңалықпен бөлісті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Өнер иесі PHD алу үшін докторантураға емтихан тапсырған.  Бұл туралы ол желідегі парақшасында бөліскен.

"Қоғамда қалыптасқан өте қате, теріс түсініктер бар. Әртіс-білімсіз, әртіс-клоун дейді. Бұл өте дұрыс емес ұғым. Мен өзім оқығанды, ізденгенді жақсы көремін. 4 дипломым бар. Докторантураға тапсыру себебім мен 20 жылдық педагогикадағы жұмыс өтіліммен зерттейтін дүние өте көп. Өнердің қоғамдағы қызметі өте маңызды. Өнер адамдары жер дауы, ел дауы болғанда алдыңғы шөпке лақтыратын клоун емес. Ақымақ адамдардың қатарында емес. Қоғамда айтары бар, атқаратын міндеті, алып жүретін  миссиясы бар мамандық иесі. Ол үшін тек оқу керек, даму керек. Мен доктор деген аты үшін ғана оқымаймын. Артымда қалдыратын дүние болғанын қалаймын", - деді ол. Фото:©instagram.com/aigul_imanbayeva/

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.