Мас күйінде көлік басқарған Төреғали Төреәлі қамауға алынды

320

Әлеуметтік желіде Төреғали Төреәліні полиция қызметкерлерінің ұстап жатқаны туралы бейнежазба тарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


«Әртіс Төреғали Төреәлі тыныш өмір сүрмейді. Бүгін оны тәртіп сақшылары мас күйінде көлік басқарғаны үшін қамауға алды. Жұлдыздың тұтқындалуына куә болғандар әншінің полицейлердің талабына көнбей көлігінің есігін жауып, ешкімді көрмегендей кейіп танытқанын айтады», - делінген ZTB телеграмм-арнасы таратқан ақпаратта. 


Осыдан кейін тәртіп сақшылары күш қолдануға мәжбүр болған секілді. 


Видеодан дауысы Төреғали Төреәліге ұқсас адамның боқтық сөздердің неше атасын жіберіп, бақырып жатқанын байқауға болады. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.