Актриса Дариға Бадықова қыз ұзатуды қолға алды

1 052

Актриса Дариға Бадықова қыз ұзата бастап, әншілікке кеше келмегенін мәлімдеді- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Актриса әлеуметтік желіде қыз ұзатып бара жатқан сәтінен видео жариялады. 



"Көрініп ізгілігің,
Артта қап қыз ғұмырың,⠀⠀⠀
Тебіренттің бізді бүгін, Күнім!

Иә, мен қыз ұзатам еще. Қаншама арудың көзінен аққан мөлдір тамшының куәсі болдым. Қанша рет "Қыз - өріс" деген тағылымның тереңдігін сезіндім. Қанша қазақ қызының құтты орнына қонып, ең бақытты әйел болуын мына жұдырықтай жүрегіммен тіледім.
Мен қыздың жіңішке жолын ұғындыратын бұл тойдағы өз рөлімді жүрегіммен сезінемін. Жан-тәніммен беріліп кететінім сонша, ұзатылып жатқан арудың бүкіл сезімін өне-бойымнан өткіземін.

Как будто өзім ұзатылып бара жатқандай. Әншілікке кеше келгенім жоқ. Сонау ауылдан бері, бала кезімнен ән айтатынымды жақсы білесіздер. Муз драманы тәмамдағам", - деп жазба қалдырды өнер иесі желідегі парақшасында.

Дариғаның әншілік өнерінен хабарсыз оқырмандары көп екен. Олар Бадықованың ән шырқағанына таңырқап, даусына тәнті болғандарын атап өтті. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.