Димаш Құдайберген Чехияда концерт береді

800

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Еуропада концерт береді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Концерт 2022 жылдың 16 сәуірінде "Типспорт Арена" кешенінде өтеді. Қуанышты хабарды Димаштың өзі хабарлап, тыңдармандарын музыкалық кештің куәсі болуға шақырды. 

"Концерт Чехияның ең әдемі әрі ең үлкен ареналарының бірі - "Типспорт Аренада" болады. Көптен күткен алдағы кездесуімізді тағатсыздана күтемін. Махаббатпен, Димаш", - деді Құдайберген. 

Айта кетейік, Димаштың жеке кеші наурыз айының 25-де Дубайда, сәуірдің 2-де Беларусьте өтеді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.