Мөлдір Мұқанова фонограммаға тыйым туралы заңға пікір білдірді

2 586

Фото: https://www.instagram.com/moldir.mt/Соңғы уақытта әншілік бағытқа бет бұрған Мөлдір Мұқанова фонограмма қолдануға қатысты қабылданған заңнама жөнінде өз пікірін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ол жанды дауыста ән айтуға қабілетті екенін айтып, тыңдармандар алдында дайындық жүргізіп жатқанын жеткізді.

«Бір ән орындап едім... Сөйтсем, осы заңның шығуы үшін менің ән айтуым керек болған екен. Қазір дайындықты бастадым. Мен де жанды дауыста айтқым келеді. Кішігірім шараларда аспапта ойнап, жанды дауыста айтып жүрмін», — деді Мөлдір Мұқанова.

Алайда желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі оның талпынысын қолдаса, енді бірі сынға алды.

«Болмаған дауысты қалай шығарады екен», «Сұмырай келсе су құриды деген осы», «Мөлдірге сахна мәдениетін үйрену керек сияқты», «Біз ұялып отырмыз, Тұрсынбек кірерге тесік таппай жатқан шығар» деген сынды пікірлер жазылды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.