Айдарбековтардың кіші ұлы сұлулық байқауының қатысушысымен көңіл жарастыруда

1 545

Айдарбековтардың кіші ұлы Заңғар Нұртас жаңа қарым-қатынасы туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қайрат Нұртастың інісі, әнші Заңғар Нұртас сұлулық байқауының финалисі Мерей Мұратқа Ыстамбұлдан келген әдемі әшекей сыйға тартқан.


Әшекейді Мерей Мұрат Instagram Stories-інде жариялаған. Бойжеткен әншіні белгілеп, "рақмет" деп жазған. 


Press басылымының мәліметінше, әншінің қымбат сыйлығы оқырмандардың назарынан тыс қалған жоқ. Бұл туралы Заңғар Нұртас та пікір білдірді. Оның айтуынша, екеуінің арасында ештеңе жоқ.

"Негізі, арамызда ештеңе жоқ. Ойлап қалмаңыздар. Ыстамбұлдан белсенді 10 оқырманыма сыйлық әкелдім. Бірақ мына ән ұнады. Ғашық болдым", - дейді ол. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.