Қуандық Рахым ауыл баласына ат мінгізді

2 188

Әнші Қуандық Рахым әлеуметтік желіде әнін беріле орындаған балақайға іздеу жариялаған болатын, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Өнер иесі Ақтөбедегі концертінде Бақытбек есімді кішкентай тыңдарманының арманын орындап, сахнада “Аққуым” әнін бірге шырқады. Өнер иесі талабы таудай ауыл баласына көпшіліктің алдында ат мінгізді. 


Тыңдарманын сахнаға алып шыққан Қуандық Рахым Бақытбектің жұлдыз екенін айтып, көпшіліктің алдында мерейін көтерді.


“Сен әлден жұлдызсың ғой. Өткендегі джинсы мен күрте қайда? Сені бүгінгі концертке керемет дайындаған екен. Образды, киімді, көзілдірікті қараңыз. Бетіңді сабынмен жақсылап ысқан сияқтысың. Жақсы ағарып, күшті боп қалыпсың. Қадірлі, ағайын! Бүкіл Қазақстан осы сәтті күтіп отыр. "Қара баламен бірге видео салыңызшы", "Сізбен сахнаға шыққанын көрейікші" деп үлкен кісілер, ата-әжелер, апалар тағатсыздана күтіп отыр", – дейді Қуандық Рахым. 


Ағасының әнін тебірене айтып, жұртты сүйсіндірген Бақытбекті өнер иесі концерттен кейін құр қол жібермеді. 


“Халықтың алдында Бақытбек бауырыма өз атымнан астына ат мінгіземін. Осы жерде ата-анасы бар, ұстаздары бар кез келген уақытта тұлпарыңды жеткізіп беремін”, – деді әнші.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.