Жахан Отарғалиев диагнозы туралы бар шындықты айтты

2 567

Фото: instagram.com/zhahan_utargaliyev/Танымал актер Жахан Отарғалиев көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап беріп, өзіне қойылған диагнозы туралы бар шындықты айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Өнер иесінің сөзінше, бірқатар тексерістен кейін дәрігерлер оған балалы бола алмайтынын жеткізген.



Жахан Отарғалиев ел білмейтін құпиясын белгілі журналист Зарина Мүсілімге берген сұқбатында айтты. 

Актер жан сырын ақтарып, аталған диагноздың өміріне қалай әсер еткенін жеткізді. 

Сөзінше, дәрігерлер "балаң болмайды" деген сөзді әйелінің көзінше айтқан. Бұл жайт өнер иесіне қатты ауыр тиген. 

"Маған диагноз қояды. "Жахан cен физикалық тұрғыда балалы бола алмайсың" деп айтты. Бұл нәрсені менің әйелімнің көзінше айтқаны маған екі есе ауыр тиді. Мен бұрында бұл нәрсені сезетінмін. 15 жыл балалы бола алмай жүрдім. Бірақ менің бетіме ешкім айтпаған. Кесіп бетіме айтқан соң, маған еш нәрсе қызық болмай қалды. Оған дейін үміт болды. Үміт әлі де бар. Бірақ естіген кезде маған ауыр тиді. Сол кезде маған кино, шығармашылық, жұмыс, бизнес та керек емес болып қалды. Мен үшін бұл өмірде ең ауыр нәрсе. Мені тек басынан дәл осындай жағдай өтіп жатқан адам ғана түсінеді. Бала сүю бақыты маған да бұйыратын шығар, бәрі бір Алланың қолында. Үмітім үзілмейді. Мені күйзеліске ұшыратқан осы диагноз, достар! Өйткені бұл өмірде сәби сүюден асқан бақыт жоқ қой", - деп ағынан жарылды Отарғалиев. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.