Қайрат Нұртастың кенже інісі Заңғар екінші рет шаңырақ көтерді

2 659

Әнші Қайрат Нұртасың інісі Заңғар Нұртастың екінші рет шаңырақ көтеріп, құда түсу жоралғысы өтуде, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл туралы ақпарат продюсер, Заңғар Нұрстастың анасы Гүлзира Айдарбекова өзінің Instagram  желісіндегі парақшасында жариялады.



Екінші рет үйленген әнші Заңғар Нұртастың құдалығы  Шымкент қаласында орналасқан ең қымбат "RICH VILLA" тойханасында  өткен. Тіпті қалыңдықтың жеңгелері  Заңғар Нұртасты  "сұрақтың астына алған". Бір жеңгесі Заңғардан әйелі Индираның толық туған күнін, ал бір жеңгесі оның киімінің өлшемі мен сүйікті тамағын сұраған.

Еске салайық, биыл ақпанда Заңғар Нұртас бірінші әйелі Жібек Қайратқызымен ресми түрде ажырасып кеткен.

"Бес ай өтті, араласпаймыз. Жақсы келін болды. Бәрі керемет болды. Сыйластығымыз қазір де жақсы, бірақ сондай жағдай болып қалды. Оған нақты не себеп болғанын айта алмаймын. Бұл жеке нәрсе. Бастарыңызға бермесін", - деді Заңғар Нұртас.


Алайда, әнші Қайраттың өзі де отбасы мүшелері де құдалықта бой көрсетпеді.  

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.