Ақбота Сейітмағамбет марқұм анасын есіне алып, елді жылатты

628
"Кешью" тобында өнер көрсетіп, қалың көпшілікке танылған әнші Ақбота Сейітмағамбет марқұм анасын есіне алып, желіде оған деген сағынышын білдірді. 

Ақбота Сейітмағамбет анасының туған күнінде оған жантебірентерлік жазба арнады. Эстрада жұлдызы өмірден өткен анасын қатты сағынғанын айтып, өз оқырмандарымен ішіндегі сырымен бөлісті. 

Оған қоса, өнер иесі Instagram парақшасында ата-анасының мұрағаттағы фотоларын жариялап, ел назарына ұсынды. 

"Анашым туған күніңмен! Сағыныштан тағдырға бағындым ғой. Өзіңді анашым сағындым ғой. Көңілдің мұңын, жүректің үнін естимісің аяулы ана? Алтын анамның құрметіне "Анаға сағыныш" деген әнім шыққан. Сол әнді орындап шығуым қиынға соқты", - деп жазды ол. 

Әншінің оқырмандары оған барынша өз қолдауын көрсетіп, жұбату сөздерін айтты. Кейбірі Ақботаның анасымен өзара қатты ұқсас екенін жазды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.