«Айтқаным келді»: Нумеролог Қайрат Нұртастың ажырасуы туралы
601
Танымал нумеролог Бауыржан әнші Қайрат Нұртастың ажырасатынын 5 жыл бұрын болжаған екен. Нумеролог «Өкінішке қарай, айтқаным айдай келді» деген пост жазды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Айта кетейік, 25 ақпанда Қайрат Нұртас 33 жасын Мальдив аралдарында қарсы алды. Әншінің қасында анасы және достары болды. Әлеуметтік желі қолданушылары Қайраттың әйелі мен бала-шағасы неге қасында болмағанын сұрады. Кейбірі қайрат пен Жұлдыздың ажырасып кеткенін айтып, пікір жаудырды.
Мұндай пікірдің бірнешеуіне Қайраттың анасы Гүлзира Айдарбекова жауап берді.
Ал танымал нумеролог Бауыржан өзінің Instagram-дағы парақшасына Қайраттың ажырасуы мүмкін екенін бірнеше жыл бұрын айтқанын, өкінішке қарай болжамы орындалғанын жазып отыр. Сонымен қатар нумеролог айтқан болжамының дәлелін көрсетіп, Қайраттың өміріне жасаған өз болжамын пост түрінде салып қойды.
Нумерологтың оқырманы пост астына пікір білдіріп жатыр. Біразы «Сіздің болжам жасағаныңыз есімде», «Айтқаныңыз айдай келді, сіз ең күшті нумерологсыз» деп жазып жатыр.
Айта кетейік, Қайрат Нұртас Instagram-дағы парақшасынан Жұлдыз Абдукәрімовамен түскен фотоларын өшіріп тастады.

Бүгін ұрысса, ертең татуласуы мүмкін. Көрінгеннен кір іздеп, азғыру сізге керек пе? Қайрат та, Жұлдыз да жаман емес. Арасына жалмауыздар түсіп, жалмады, болды. Сіздер ойлағандай тоқалы да жоқ. Әлі күнге дейін тоқал алу миына да кіріп шыққан емес, – деп жауап берді Гүлзира Айдарбекова оқырманның пікіріне.
Ал танымал нумеролог Бауыржан өзінің Instagram-дағы парақшасына Қайраттың ажырасуы мүмкін екенін бірнеше жыл бұрын айтқанын, өкінішке қарай болжамы орындалғанын жазып отыр. Сонымен қатар нумеролог айтқан болжамының дәлелін көрсетіп, Қайраттың өміріне жасаған өз болжамын пост түрінде салып қойды.
Құрметті достар, өкінішке қарай, 2018 жылы Қайрат Нұртас туралы айтқан болжамым орындалды. Осыдан 5 жыл бұрын Қайрат Нұртастың Жұлдызбен ажырасатынын, оны көпке дейін жасыруға тырысатынын, басқа әйел алатынын айтқан едім. Күні кеше Қайраттың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова екеуінің ажырасқанын ресми түрде бәріне түсіндірді. Қайраттың Мальдив аралдарына ұшар алдында көлікте жылап отырған видеосы да пайда болды. Ол туған күнін Мальдив аралдарында балаларымен бірге өткізуге бар күшін салды, бірақ нәтиже болмады. Парақшаға болжамды жариялағанымда Жұлдыздың профиліме кіріп, сториздерімді қарағаны есімде, – деп жазды нумеролог Бауыржан.