Мейрамбек Бесбаев қайтадан шығармашылығын қолға алды

501
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мейрамбек Бесбаев ұзақ уақыттық үзілістен кейін, шығармашылығын қолына алды. Өнер иесі  Мейрамбек Бесбаев ұлы мен қызын өз бейнебаянына түсірді - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Эстрада жұлдызы өз Instagram желісінде "Өмір өтті" әніне клип түсіргенін хабарлады.

"Бұл ән 2009 жылы жарыққа шықты. Керемет әннің дүниеге келуіне себепкер болған Саят досым мен сазгер Бағлан Омаров ағам. Тамаша ән үшін Бағлан аға сізге мың алғыс. Сөзін жазған аға досым, марқұм Есенқұл Жақыпбеков ағам тыңдап, оң бағасын беріп еді. Көптен бері осы әнге тарихи бір жақсы дүние түсіруді армандап жүрдім. Бүгін міне шүкір сол арманым орындалды Осы туындының режиссері Теменов Талғат ағама, өтінішімді жерге қалдырмай басты рөлді сомдап берген, қазақ өнерінің мэтрі Тұңғышбай Жамақұлов ағама және түсірілім тобына, атсалысқан достарыма, іні-қарындастарыма алғыстан басқа айтарым жоқ. Саусақ бірікпей, ине ілікпейді. Береке бірліктің арқасында тамаша туынды өмірге келді деп ойлаймын", - деп жазды "МузАрт" әншісі.