Семейде ән айтқан Жанар сынның астында қалды
1 618
Танымал әнші Жанар Дұғалованың әлеуметтік желіде Семейде өткен концертте аяғы қайырылып, құлаған видеосы тарады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
“Кім үшін” әнін орындап тұрып, сахнада оңбай құлаған өнер иесі ән айтуын тоқтатқан жоқ. Жанындағы адамдар әншінің тұруына көмектесті. Алған жарақатын ауырсынғаннан сахна жанында тұрған тәртіп сақшыларының біріне сүйеніп, әнін жалғастырды.
Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары аяушылық білдіріп, видео астына түрлі пікір қалдырды. Алайда Жанар Дұғалованың ішімдік ішпегеніне күмән келтіргендер де табылды.
“Ауырып қалды-ау аяғы”, “Жанды дауыста айтып тұрған жоқ”, “Сарбаздың төбесі көкке көтеріліп кетті”, “Шаршап тұрған сияқты”, “Сахнаға ішпей шығу керек”, “Ішіп алған ба?”, “Мас болар”, – деп жазды пікір білдірушілер.
Болған жағдайдан кейін әншінің аяғына гипс салған суреттері тараған. Соған қарағанда желі қолданушылары өнер иесінің жарақаты ауыр деп топшылады.