Ұятсыз адам әнші болады
553
«Той – думан» арнасында жарық көрген жаңа бейнебаян көпшіліктің ашуын туғызды, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Қай халық, қай ұлт болмасын, әлдебір ән шырқалып жатқанын естісе, ентелей алға басып келе жатқан жүрісін баяулатып, тіпті тоқтай қалып құлақ тоспайтын пенде жоқ. Әсіресе, біздің қазақтың әнге деген құштарлығы, әнге етене жақындығы тіпті бөлек дүние. Солай болатын жөні де бар. Өйткені қазақ әнмен егіз жаратылған.
Ойлап отырсаң – ән құдірет. Жақсы ән тыңдасаң, сыздаған жүрек басылады, ауырған жерің жазылғандай болады. Ән ауыр қайғыны бір сәтке ұмыттырады. Тұтанғалы тұрған жүрек отын алаулата жандырады. Арманыңды ұштап, ұшар құстай қанат бітіреді. Ән қанатына мінген адамның ойы алысқа жетеді, биікке көтеріліп, сонау құзар шыңның найза ұшынан көріне қол бұлғайды. Десек, екі күн бұрын жарық көрген әндеріміздің сапасы сын көтермей тұр.
Біз осы сәнімізді де келтіріп, мәнімізді де айшықтандыра ашып келе жатқан әнімізді бағалай біліп, бағасына лайық дәрежеде келістіре айта алып жүрміз бе?
Бұлай деуге басты себеп әлеуметтік желіде жарық көргеніне аз ғана уақыт болса да, дүйім жұрттың сынына ұшыраған Алина Шакиеваның орындауындағы «Ұйқым келмейді» әні қазақ халқын бей-жай қалдырған емес.
Осылай айтылған әнді тыңдап рахаттанбақ болған көрермен халық, мына біздің де жарылқанып жүргеніміз шамалы екенін несіне жасырайық.
Ән деп аталатын асыл мұрамыздың кадіріне жете алмай жүргеніміздің салқыны болар, осы күні әнді, әзіл-сықаққа айналдырып, түрлі бейнероликтер тарап жатырғандығы тағы бар. Үш баланың анасы жуырда Ресейден көшіп келді десек, те ана тіілімізді дәл бұлай келемеждеуіне не себеп?
Біле білсек, орындаушының қазақ тіліне шорқақ екені анық байқалады.әннің авторы әнші Диана Исмаил мен Қоянбаевтың «Бизнес по-казахский» киносының актері Рамазан Амантай болып шықты. Ол аздық еткендей қаракөз құздарымызда қалыспай «Мұндай махабатыңның...» деп әндеткені тағы бар.
Жаңа туынды әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түскен. Тіпті күні кеше жарық көрген болса да бұл ән түрлі мемдерге арқау болып жатыр. Расында да сөздерінде тыңдарманның құлағына түрпідей тиетін тұстары өте көп.
Ән, әсіресе, халық әндері – халық мұрасы. Осынау баға да, байлық та жетпес асыл мұрамызды сонау ата-бабаларымыз секіріп, жұлқына билеп жүріп туғызбаған, кейінгі ұрпағымыз ойына келгенін істесін деп бізге мирас етпеген болар. Халық мұрасын сол халықтың өзі жасаған қалпынан айнымаған күйінде сақтап, жалғастыра бергенге не жетсін..
АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ