«Бағлан ішіп кеткен бе?» жарияланған видеоға қатысты пікір талас туды
«Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов әріптесі Жігер Ауыпбаевтың су жаңа әнін қолдап, Instagram-дағы парақшасына видео жүктеді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Өнер иесі құмар ойын туралы фильмінің жалғасын түсіріп жатқанын көрсетті.
Видеода әнші жолына кездескен адамдарға ашуланғандай кейіп танытып, қолына түскен заттарды лақтырмақ болды.
[media=https://www.instagram.com/reel/CyyCMesoPZs/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D]
Желі қолданушыцлары оның әрекетін мас адамға көбірек ұқсағанын жазған.
Бағлан Әбдірайымовтың өзі әр пікірге реакция білдіріп, оқырмандарын көңілге қатты алмауға шақырды.