Бағдат Сәмединова: Мәдина Ералиеваның мінезі шатақтау еді, көңілімді қатты қалдырды

678

Бағдат Сәмединова бір кездегі әріптесі, марқұм әнші Мәдина Ералиевамен арақатынасы қандай болғанын айтып берді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 


Бұл туралы Алау Дәукеновпен болған сұхбатта айтылды. 

Қазақстанның еңбек сіңірге әртісі, әнші Бағдат Сәмединова бүгінде елордада тұрады. Жұмыс бабымен әрі балаларының қасында болу үшін оңтүстіктен астанаға қоныс аударған. Ұстаздық қызмет атқарады. 

Әнші марқұм Мәдина Ералиевамен арақатынасы қандай болғанын сөз етті. Қызықты оқиғаларын айтты.

Мәдина облыстық филармония атынан ән айтты. Мен “Қазақконцерт” атынан өнер көрсеттім. Екеуміздің жолымыз көп түйіскен жоқ. Себебі, сапарларымыз екі бөлек болды. Аман-саулығымыз түзу болды. Мәдина өзі шатақтау адам еді ғой. Мінезі қаталдау болатын. Бірде бір концертте сөзге келіп қалдық. “Орын бар ма?” деп сұрады. Мен ол кезде орын алмаған едім. Қасымда қызым болған. Қызымның көзінше “кетші, әрі” деп ұрсып жіберді. “Не болды саған?” деп едім, одан әрі ұрсыса жөнелді. Кейін де бір концеттерде ілінісіп қалатынбыз. Мені ән айтуға көп шақыратын еді. Содан қызғанды ма, іштарлық көрсетті ме екен деп ойлаймын”, – дейді Бағдат Сәмединова

Әншінің жеке директоры жоқ. Шағын студиясы бар. Ал той-томалақ, басқа да жоспарлы жұмыстарының бәріне өзі жауап береді. 


Сәмединова өзін депутаттыққа ұсыну туралы ұсынысқа жауап берді. 

Депутат болу үшін ақыл, білім керек деп ойлаймын. Мен депутаттыққа өзімді ұсына алмаймын. Өзімді ол жерден көрмеймін. Оған дайын емеспін. Депутаттардан ақылым кем деп айта алмаймын, бірақ мен өнер адамымын. Мен өнерде жүрген адаммын”, – деді ол. 

Әр әншінің өз орны бар, Бағдат апамыз "Отырардағы той" әнін жиі тыңдаймын, керемет”, “Бағдат – керемет әнші! Энергетика мықты. Жүзі жылы, көңілі мақпал. Мен сізді керім жақсы көрем. Еш дөрекілік жоқ”, “Марқұмның артынан тек жақсы әңгімелер ғана айтылу керек”, “Көзі жоқ адам жайлы бұндай оқиғаларды елге айту әбестік емес пе?”, “Бағдат апай, Мәдина апамыз жөнінде артық әңгіме айтқан жоқ, меніңше”, – деп жазды желі қолданушылары.