Роза Әлқожа академияға түсе алмай қалған қызына көлік алып берді

590

Фото: https://www.instagram.com/roza_alqozha/?hl=ruРоза Әлқожа үлкен қызы Ақботаға қымбат сый жасап, автокөлік алып берді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Бұл қуанышымен әнші Instagram парақшасында бөлісті. 


"Мен өзі аяқ астынан шешім қабылдап, ол орындалмаса өзін өзі жазалайтын қазақпын ғой! Қызымды қуанту үшін алдында: "Көлігімді берейін. Құр жүрме, жүргізушілікті оқып ал. Сосын жақсы жерлерге жақсы көңіл-күймен барасың" дегенмін. Одан соң ол көлікті сататын болып қалдық та, қыздың көңіл-күйі нөлге түсті тағы. Алда туған күн. Байқасам көліктен басқа сыйлыққа көңілі көншімейді екен.
Ал, содан амал жаса! Өзім Еуропадан шамалы суықтап келіп, екі күн үйде жаттым. Одан екі күн Өскеменге жоспарлап қойған. Өзгертейін десем, билет бітіп кеткен!
Содан көршім келе қалды. Соған айтып ем, үйге алаңдама. Бәрін өзім жасаймын, келген қызметкерлерге қараймын деді.
Ремонт жаңа біткен. Сырттағы заттарды кіргізу де оңай болмады.
Сондайда күйеуімнің айтатыны - “бұныкі абырой, қара жұмыс біздікі” деп. Тап солай болды. 
Жолда жүріп емделіп, жолда жүріп ұйымдастырып, ақыры нәтижеге қол жетті!
Ал, банкте ақ құлақтардан қазақша сөйлегеніміз үшін қалай сөз естігеніміз, көлік иесі айнып қалып, көлік іздеп кеткеніміз ол бір хикая!"
- деп бөлісті Әлқожа.