"Өлімнің ар жақ бер жағындасыздар деді": Аша Матайға қоқан-лоққы көрсеткен кім?

461

Аша Матай мыңыншы эфирі көрерменге жол тартқан "Бір болайық" ("Қалаулым") жобасында болған қызықты сәттер жайлы айтты. Тележүргізушінің айтуынша, бағдарламаға қатысқан қыздың бірі үшін олардың өміріне қауіп төнген. Қыздың әкесі тікелей эфир кезінде түсірілім алаңына келіп, шығармашылық топқа қоқан-лоққы көрсеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі НТК арнасының "OZMZ ғой" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.



Бойжеткен жобаға қатысу туралы өтініш білдірген. Алайда ата-анасының рұқсатын алмаған. Қызын теледидардан көрген әкесі сол сәтте бір топ күзетімен бірге түсірілім алаңына жетіп келген. 

Тікелей эфир болсын, басқа болсын, барлығының быт-шытын шығарамын. Өлімнің арғы-бергі жағындасыздар”, – деді

"Қазақфильмнің" ішінде, есіктерді жауып алып отырдық", - деп еске алды Аша

Тележүргізушінің айтуынша, қызға үміткер болып келген жігіт те қатты қорыққан. Шығармашылық топ мұны тікелей эфир кезінде халыққа байқатпауға тырысқан. Көп ұзамай мәселе шешілген. 

"Шықтық, сөйлестік. Екі тараптан түсініспеушілік болғанын аңғардық. Мәселені шешіп, жібердік. Бірақ ол кезге дейін біздің қауіпсіздік қызметкерлері де жұмыс істеді. Есіктерді құлттап, күректерін ұстап, дайындалып отырды", - дейді жобаның бас редакторы Шах-Керім Кәрменов.