"Ісіндіретін екпе салдырдым": Азамат Сатыбалды Мұқағалиді сомдау үшін 20 күнде 12 келі салмақ қосқан

523

Жуырда көрерменге Мұқағали Мақатаевқа арналған телевизиялық фильм жол тартты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.


"Алматы" арнасының "Таңғы студио" бағдарламасында ол Мұқағалиді сомдау үшін қандай жанкештілікке барғанын айтып берді.


Азамат Сатыбалды образға сай болу үшін аз уақытта 12 келі салмақ қосуға мәжбүр болған. Фильмді түсірушілер уақыттың тығыздығын қаражаттың жетіспеушілігімен әрі түсірілім күндерінің аз болуымен деп түсіндірген.

"20 күннің ішінде 12 келіге семіріп, 94 келіге көтерілдім. Содан кейін 10 күннің ішінде қайта 82-ге түстім. 
Трансформация жағы қиын болды. Себебі аз уақыт берілді. Алаңда бәрі мені күтіп тұрды. Оған укол көмектесті, басқа амал жоқ, не істеймін енді?
" - дейді актер

Сатыбалды мұндай салмақ қосу үшін кез-келген тамақты ішіп, спортта қолданылатын, күш беретін екпелер салдыртқан. Денсаулыққа зиян болса да, фильм үшін осындай жанкештілікке баруға тура келген. 

"Кез-келген тамақты іше бердім, күш беретін уколдар салдым. Денсаулыққа зиян. Бірақ енді зиян болса да, актер болғаннан кейін, кейді өзіңе қиянатқа барасың", - деді Сатыбалды

4-ші серияға келгенде актерге қайта арықтау керек болған. Ол бір аптада қайтадан 12 келі салмақ тастап, бастапқы қалпына түскенін айтады. Ол үшін актер 7 күн бойы тек сумен қоректенген. 

Сатыбалды өнер академиясына оқуға түскеннен бастап Мұқағалидің рөлін сомдауды армандағанын айтты.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.