“Екі клоун”: желі қолданушылары Айдарқұлов пен Қабатовты сынға алды

2 545

Фото: Threads.com/@daurenaidarkulovАктер Дәурен Айдарқұловтың Threads парақшасында әріптесі, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен жариялаған суреті көпшіліктің ашуын туғызды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жазбасында:

“Ақыл ағадан, ілтипат ініден”, – деп жазған ол.

Алайда бұл жазба желі қолданушыларының көңілінен шықпады. Қазақстандықтар сын мен наразылыққа толы пікірлерді жарыса қалдырып жатыр.

“Тредсті өшірші, өтініш”, “Әдейі істейді-ау осы”, “Айқын жетіспей тұр”, “Осыған өзгенің назары жетіспей ме?”, “Өз-өзін мысқылдау дәрежесі аспанда ұшып жүр екен”, – деп жазды олар.

Сондай-ақ қазақстандықтар олардың жеке өміріне қатысты сын айтқан.

“Дәл осы ағаң ақыл айтпай-ақ қойсыншы”, “Екі клоун”, “Енді үш әйеліңмен бір сурет салып берші”, “Ақыл сұрайтын адамды тауыпсың”, – деп жазған олар.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.