Ninety one әншісін құшақтап, жүрегі жарылардай қуанған фанат желіні шулатты
Ninety one тобының концертінде сүйікті әншісін көріп, балаша қуанған фанаттың әрекеті желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
91 тобы дәл қазіргі уақытта еліміздің қалаларын аралап, концерт беріп жүр. Ән кештерінің бірінде ересек жастағы жігіт топ мүшесі Alem-ді (Батырхан Мәліков) өзіне қарай шақырады. Фанатының эмоциясын байқаған Alem оның көңілін қалдырмай, сахнадан төменге түседі. Содан кейін фанат сүйікті әншісін құшақтап, жүрегі жарылып кетердей қуанады. Оның бұл әрекеті видеоға түсіп, желіде тарап кеткен. Instagram қолданушылары болған жайтты қызу талқыға салды. Олардың бірі фанатына құрмет көрсетіп, айтқанын орындай салған әншіге риза болса, екіншілері жігіттің әрекетін сынға алды.