Әнші Әбдіжаппар Әлқожа үйлі болды

564

Фото: видеодан скриншотОтандық танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа жаңа баспанаға ие болды. Қуанышы қойнына сыймаған өнер иесі көпшіліктен сүйінші сұрап, зәулім үйін барша желі қолданушыларына көрсетті.

Әбдіжаппар Әлқожа үйлі болғанын Instagram парақшасында хабарлаған. Эстрада жұлдызы жаңа баспанасында алғашқы қонақтарды шақырған сәттен видео жариялап, оны ел назарына ұсынған.

"Сүйінші ағайын! Алматыға келгеніме 13-жыл болыпты. Осы жылдар арасында еткен кішкене ғана еңбек,маңдай терімізге Алла нығметін төгіп үйлі болуды нәсіп еткен екен. Әлхамдулиллях. Бүгін сол үйімізге кіріп. Ата-аналарымызды, аға жеңгелерімізді шақырып,құран оқытып, батасын алып, әулет, бауыр, дос жаранның қуанышын жүзінен көрдік. Біз үшін қуана білетін аға-жеңге ата-анамыз аман болсын. Өз үйімде тұрғаныма бір күн болды! 13-жыл квартирада тұрғанымды ұмытып кеттімғой. Алла қуанышымызды сіздерге жұғысты етсін тілекші қауым. Айтар болсам жазарым көп! Ең бастысы еліміз! Сіздер аман болыңыздар. Әке анама алғыз мәпелеп,тәрбиелеп жетілдірген" , - деп жазды әнші. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.