Әнші Кәмшат Жолдыбаева сүйіктісін көрсетті
808
"КешYOU" тобының экс-солисі Кәмшат Жолдыбаеваның басы бос емес. Жас әнші алғаш рет ғашығын көрсетті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Кәмшат Жолдыбаева жігітін көпшілікке көрсетті. Желідегі оқырмандары әншіні тұрмыс құрады деп топшыласа, енді бірі сенбестік білдірді.
Кәмшат Жолдыбаева жеке өмірі жайлы айтты. Бұған дейін желі оқырмандары мен тыңдармандары әншіні бас бос деп топшылаған еді. Оған тұрмыс құруға кеңес беріп, түрлі сауал жолдады.
Белгілі болғандай, 34 жастағы әнші қыз белгісіз ер адаммен романтикалық қарым-қатынас орнатып жүр. Әнші сүйіктісінің жүзін ашық көрсеткен жоқ. Ол сүйіктісімен бірге түскен суретін көрсетіп, көпшілікті қызықтырып қойды.
Желі қолданушылары түрлі пікір жаза бастады. Бірі мұны хайп деп сенбестік білдірсе, бірі бақыт тіледі.
“Бақытты болыңыз, өмірлік бақыт тілеймін”, “Аман болыңыз”, “Жігітіңіз бе, кезекті жас жігіт пе?”, “Бейнебаянға түсетін жігіт қой”, “Өтірік хайп жасауың не керегі бар?”, “Кәмшатқа жігіт табу қиын деп пе едіңдер?”, “Бақытты болсын”, “Не шаруаларың бар, өзі біледі”, “Тезірек үйленіңіздер енді“, – деп жазды олар.