Болашақ жолдасымның қызғаншақ болғанын қаламаймын

709
Отандық әнші әрі актриса Сиви Махмуди  10 жыл отасқан экс-күйеуімен қазіргі таңда мүлдем араласпайтынын Instagram парақшасында айтты, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Балаларының әкесін сұраған жандарға Сиви:



"Білмедім, мүлдем араласпаймыз, сөйлеспегелі өте көп болды, шыны керек. Кеткен адам өміріңнен түбегейлі кету керек. Басында кездесіп, сөйлесіп тұратынбыз. Бірақ ол дұрыс емес екенін түсіндім", - деп жауап берді. 

Сондай-ақ, өнер иесі отбасын өз еркімен бұзғанын атап өтті. 

"Мені ешкім тастап кеткен жоқ. Өзімнің қалауым болды", - деді ол.

Желі қолданушылары екеуінің ажырасуына қызғаныш себеп болды деп болжады. Осы ретте Махмуди болашақ жұбайының қызғаншақ болғанын қаламайтынын жеткізді. 


"Өткен шақты қайтеміз қозғап. Болашақ жолдасымның қызғаншақ болғанын қаламаймын", - деді ол.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.