Актер Нұрсұлтан Жақсыгенге сот үкімі шықты

1 500

Фото: Рolitico.kzЖеліде көрінеу жалған ақпарат таратты деп айыпталған актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы жәбірленуші Фариза Сабырәлиеваның адвокаты мәлімдеді,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыстық іс Алматы облысы Қарасай аудандық сотында қаралды. Нұрсұлтан Жақсыгенге Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігі 3-тармағы («Онлайн-платформаларды пайдалана отырып көрінеу жалған ақпарат тарату») бойынша айып тағылған болатын.

Сот шешімімен ол кінәлі деп танылып, 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

«Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді», – деп жазды адвокат.

Сонымен қатар сот жәбірленуші Фариза Сабырәлиеваның азаматтық талап-арызын ішінара қанағаттандырып, оның пайдасына 5 миллион теңге көлемінде өтемақы өндіріп алу туралы шешім қабылдады.

Сот үкімі оқылған бойда актер бірден сот залында қамауға алынды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.