Мақпал Жүнісова: "Әншілер бай болса, той жағалап жүрмес еді"
677
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова Алматы телеарнасындағы Таңғы STUDIO бағдарламасында әншілерді бай санайтын елге өз өкпесін айтты.
Халық әртісінің айтуынша, әншілердің ақшасы көп болса, той жағалап жүрмес еді.
"Елдің бәрі бізді "ақшасы көп, бай" деп ойлап жатады. Бірақ бай болсақ, тойға шығамыз ба? Кейбіреулер "Қанша тұрасыз?" деп хабарласып жатады...
Мен өзім үйде әйел мен еркектің жұмысын бірге атқарамын. Ағайын-туыс, достар, бәрі менің мойнымда. Тойға барып келгеннен кейін тапқанымды бәрі келіп талап алып кетеді. Одан кейін менің қайтадан тойға шығуыма тура келеді", – дейді Мақпал Жүнісова.