«Дәретхана мәселесін шешсе екен»: Меруерт Түсіпбаева әріптестеріне үндеу тастады

2 559

Фото: ©Instagram/meruert_tusupbaevaТанымал әнші Меруерт Түсіпбаева елдегі тасжолдар бойындағы дәретханалардың жағдайын айтып, жаңадан сайланатын Құрылтай депутаттарына үндеу жасады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында Құрылтайға сайланатын депутаттардың бірі осы мәселені қолға алса екен деген тілегін жеткізген.

«Парламентке кім депутат болса да, трасса бойындағы дәретхана мәселесін шешсе екен», – деп жазды әнші.

Меруерт Түсіпбаеваның айтуынша, елді мекендер арасындағы ұзақ сапарларда жолаушыларға таза әрі қолайлы дәретхана табу әлі де қиын. Бұл әсіресе әйелдер, балалар, қарттар мен денсаулығында кінәраты бар адамдар үшін өзекті мәселе. Республикалық және өңірлік маңызы бар тасжолдар бойындағы санитарлық нысандардың жай-күйі бұған дейін де бірнеше рет сынға ұшыраған. Әлеуметтік желі қолданушылары да әншінің пікірін қолдап, бұл мәселенің әлі күнге дейін толық шешілмегенін жазып жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.