"Қайраттың отбасын бұзба"

471

"Қайраттың отбасын бұзба!" Әріптесімен түскен суретін көрген көпшілік Ерке Есмаханды өзгенің отбасын бұзды деп айыптай жөнелді. Оған себеп дәл Жұлдыздың туған күнінде Қайрат Нұртас жұбайымен емес, Еркемен түскен суретін жариялады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 


"Айналайындар-ау, Қайрат пен Жұлдыздың жанұясында шаруам жоқ! Екеуі бақытты болсын, бала-шағасының қызығын көрсін. Жұлдыздың туған күні құтты болсын. 
Ал болып жатқан сынақтарына менің еш қатысым жоқ екеніне куә бір Алла! Куә Нұртас әулеті, Жұлдыз және Қайрат. Ал кейбір өсек қуғандар өздеріңіздің лас, пасық ойларыңызды маған тықпаңыздар. Не десеңіздер де, мен одан жаман болып кетпеймін. Сіздердің әр айтылған сөздеріңіз өздеріңізге айналып келеді. Бірақ мен барлықтарыңызды кешірдім, жақсы көрем. Алла сана берсін",
- деп жазды Ерке желідегі парақшасында.


Сонымен қатар, әнші өзін Қайратпен не байланыстыратынын түсіндірді.



"Біліп жүріңіздер, Қайратпен дос, әріптес, сырлас, бауырмыз. Гүлзира әпкемен құрбымыз. Ал қуаныштарынан қалмай, суретке түссем, өз қалауым, сыйластығым. Адам күні адаммен деген сөзді ұмытпайық. Қайраттан басқа жігіт табыңыздар енді маған", - деп түйіндеді сөзін ол.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.