Қайрат Нұртас 35 жасын дүркіретіп атап өтті

2 647

Фото: видеодан кадрҚазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас 35 жасқа толды. Халықтың сүйікті әншісі әдеттегідей туған күнін дүркіретіп атап өткен. Мерекелік кеште әншінің жанұясы, танымал жұлдыздар, белгілі блогерлер болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қайрат Нұртас 35 жасын Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде атап өтті. Өнер иесі туған күнінде барша жақындарының басып қосып, оларға үлкен дастархан жайған. Әншіні жеке құттықтап келген жұлдыздар арасында Нұрболат Абдуллин, Әбдіжаппар Әлқожа, Әмре, Назима Жәнібекова, Мирас Жүгінісов, Жансерік Қадырбаев, NNN, Айнұр Асанберді болды. Қайрат Нұртастың туған күні өнер жұлдыздарының концертіне айналды. Жиналған көпшілік әртіске ақ тілегін жолдап қана қоймай, барша қонақтарға өнерін паш етті. 


Сонымен қатар өнер иесінің жеке мерекесінде отбасынан оның анасы мен інісі Заңғар ғана болды. Әншінің өз келіншегі мен балалары бұл кеште бой көрсетпеді. Жұлдыз Әбдікәрімова желіде күйеуін туған күнімен құттықтап, оған жүрекжарды тілегін жолдаған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.