Дженнифер Лопестен кейін – Шакираның концерті ұйымдастырылуы мүмкін

2 318

Фото: instagram.com/shakira1 тамыз күні Астанада Дженнифер Лопестің сәтті өткен концертінен кейін, ұйымдастырған Малик Хасенов әнші Шакирамен келіссөздер жүргізіліп жатқанын  айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ұйымдастырушы Малик Хасенов көптің көңілінен шыққан концерттен кейін қала әкімдігіне, қызметтерге және қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғысын білдірді.

“Әкімдікпен, барлық қызметпен бірлесіп бәрін жоғары деңгейде өткізуге тырыстық. Барша қала тұрғындары мен қонақтарына да алғыс айтамын, себебі осындай концерттерге бару мәдениеті қалыптасып келеді”, – деді ол.

Сондай-ақ ұйымдастырушы әнші Шакирамен келіссөздер жүргізіп жатқанын және күзге дейін келісімге келу мүмкін екенін атап өтті.

Мұндай жаңалықты естіген желі қолданушылары әлемдік жұлдызды асыға күтетін жеткізді.

“Алақай”, “Армандар орындалып жатыр”, “Шакирадан кейін Риана мен Эминемді немесе Pink-ті шақыра аласыздар ма?”, “Шакира апай, күтеміз”, – деп жарыса жазды желідегілер.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.