Айнұр Тұрсынбаева мың адамға «қазақша гамбургер» таратты

2 512

Фото:© Видеодан скринАйнұр Тұрсынбаева мың адамға «қазақша гамбургер» таратып берді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Politico.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгілі коуч әрі кәсіпкер Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желіде ерекше қайырымдылық бастамасымен бөлісті. Оның айтуынша, бауырсақ пен қазыдан әзірленген «қазақша гамбургердің» мың данасын жасап, Алматы облысының тұрғындарына тегін таратқан.

«Бауырсақты пісіріп, қазыны қайнатып алдым да, бауырсақтың ортасын кесіп,қияр,қызанақ, салат жапырағы мен қазы салдым. Бұл - әр қазаққа ұнайтын қазақша гамбургер», – деді ол.

Айнұр Тұрсынбаева бұл іске командасы түгел жұмылғанын атап өтті.

«Командаммен бірге 1000 қазақша гамбургер жасап, Алматы облысындағы 1000 адамға тараттық. Береке деген осы емес пе?» - деп жазды кәсіпкер.

Сондай-ақ ол ауыл тұрғындарымен араласқанды жақсы көретінін айтып, қазір Семей мен Өскемен қалаларында жүргенін жеткізген. Желі қолданушылары бұл бастамаға оң бағасын беріп, ұлттық тағамды насихаттаудың ерекше үлгісі екенін жазып жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.