Актриса Фариза Ескермес ұзатылды
Отандық танымал актриса әрі әнші Фариза Ескермес ұзатылып, сүйіктісінің үйіне келін болып түсті. Өнер иесі ерекше отбасылық тойдың қалай өткенін әлеуметтік желіде көрсетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Фариза Ескермес ұзату тойын өй үйінде тек ет-жақындарының арасында өткізуді жөн көрген. Тіпті қонақтар арасында актрисаның өнердегі көптеген достары да болмаған. Қалыңдықты Жазира Еркін мен Балжан Бидаш сынды жұлдызды құрбылары ғана қолдап келген.
Балжан Бидаш ән айтып, жан құрбысын жаңа отбасына шығарып салды.







