Айгүл Иманбаева үйлену тойын Лос-Анджелесте өткізетін болды

2 585

Фото: instagram.com/aigul_imanbayevaТанымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева Instagram парақшасында желі қолданушылары тарапынан қойылған бірнеше сауалға жауап берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Ол қазіргі уақытта үйлену тойына дайындалып жүргенін айтты.


«Той бұйыртса 2025 жылы болады. Бірақ Қазақстанда жасамаймыз. Жолдасым екеуміз АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Оқырмандары тарапынан «Аяғыңыз ауыр ма?» деген сұраққа да жауап бері өтті.

«Маған «Аяғың ауыр ма?» деген сұрақтар көптеп келіп жатыр. Босанғанша сіздерге айтпай-ақ қояйын. Міндетті түрде сіздерден сүйінші сұраймын», - деді актриса.

Айгүл Иманбаева өз сөзінде келер жылы ұлы Асылжанның да үйлену тойын жасауды жоспарлап отырғанын айтты.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.