Қазақ жігіттері секілді шетелдің жігіттері ұзын-қысқа киім ки деп талап етпейді
942
Отандық әнші Гүлмира Ізбасханова “Көреміз” бағдарламасына берген сұхбатында, реті келсе араб ұлтына тұрмысқа шығудан бастартпайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Гүлмира Ізбасханова қазақ халқының жігіттері шашы ұзын, қарапайым қыздарды жақсы көретінін айтты. Әнші бұл ретте шетелдің мәдениеті дамығанын атап өтті.
Гүлмираның айтуынша, шетел азаматтарының жар таңдағанда талғамы әртүрлі. Оларда қағида жоқ.
Әншінің сөзін қостағандар да, қарсы шыққандар да бар. Бірі бастысы қыздың бақытты болғанын қаласа, бірі өз ұлтыңның етегінен ұста деп кеңес етті.
Гүлмира Ізбасханова қазақ халқының жігіттері шашы ұзын, қарапайым қыздарды жақсы көретінін айтты. Әнші бұл ретте шетелдің мәдениеті дамығанын атап өтті.
“Біздің қазақтың жігіттері шашы ұзын қыздарды жақсы көреді. Біздің халықтың менталитеті сондай. Менің шашым қысқа. Шалбар киіп жүремін. Бірақ шашы ұзын, әдемі құрбыларым бар. Қызыл диплом алған. Бірақ тұрмыс құрмаған. Неге сол қыздарды жігіттер әйел етіп алмайды? Осындайдан соң бәрі шетелдіктерге тиеді. Мәселе ақшада емес. Қазақтың небір жігіттерін де көргенбіз. 10 миллиондап қалың мал беріп жатқан қазақтар да бар”, – деді әнші.
Гүлмираның айтуынша, шетел азаматтарының жар таңдағанда талғамы әртүрлі. Оларда қағида жоқ.
“Шет елде шашыңа ешкім қарамайды. Ұзын-қысқа демейді. Бір балаң болса да, жақсы көрсе, ешнәрсеге қарамайды. Ол жақта мәдениет бар. Егер маған араб жігіті сөз салса, мен де қарсы болмас едім. Егер үйленгісі келсе, қазақ жігіттері қайда жүр? Мен неге басым бос болып жүрмін. Араб жігіті мені бақытты қылам десе, неге одан бас тартамын. Олар мұсылмандар. Сондықтан келісім беретін едім. Ал мұсылман емес ұлтқа қарсы болар едім” ,- деді жас әнші.
Әншінің сөзін қостағандар да, қарсы шыққандар да бар. Бірі бастысы қыздың бақытты болғанын қаласа, бірі өз ұлтыңның етегінен ұста деп кеңес етті.