"Ерке әйел болдым"
277
Роза Рымбаева алғаш рет марқұм ата-енесі туралы айтты - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Халық әртісі өзінің өмірдегі ең бақытты шағым ана атанған шағым дейді.
“Менің ең бақытты шағым ана атаған кезім. Өзімді мүлде басқаша бақытты сезінген едім. Мен жалпы өз өміріме ризамын. Себебі, керемет жерге келін болдым. Текті отбасына келін болдым. Текті азаматтың жары болдым. Жолдасымның демеуімен халық әртісі атандым. Ата-енем өте текті адамдар. Ол адамның қанында болады екен. Марқұм жолдасыма солардан дарыған. Әлидің де бойында сол қасиет бар. Мен ерке әйел болдым. Мені еркелетіп ұстады. Алакөлге барып еркелеп, демалып қайтушы едік. Ата-енем марқұм болып кетті”, – деді Роза Қуанышқызы.
Айтуынша, келініне келін деп емес, қызым деп қарайды. Келіні мен балаларына қарап бақытты екенін мойындайды.
“Келін-баламның мінезіне, жүріс-тұрысына қарап өзімді бақытты сезінемін. Төртеуміз отыра қалсақ, өнер, музыка туралы сөйлесеміз. Ортақ әңгімеміз бар. Келініме қызым деп айтамын. Өзім де сондай келін болғанмын”, – дейді әнші.
Халық әртісі бәрін қарапайым өмірмен бастады. Алдымен жатақханада, кейін мемлекет берген үйге көшкен.
“Мен де жатақханада тұрдым. Туа сала үлде мен бүлдеге оранған жоқпын. Кейін Димаш Ахметов атамыз халық әртісі атағын алған соң маған 1 бөлмелі үй берді. Сол үйде тұрдық. Одан кейін 3 бөлмелі үй берілді. Сол үйде тұрып жатырмын. Менің өнерім, өмірім, балаларымның өмірі, өзімнің өмірім халықтың көз алдында өтіп жатыр. Марқұм жолдасыма жар болғаным үшін, халық әртісі болғаным үшін, балаларымның ер жеткен шағын көргенім үшін өзімді ең бақытты адам санаймын. Адам бақытты қолдан жасайды. Адамның бақытты болуы өз қолында”, – деді Роза ханым.