"Пілдей болып кеткен" Алтынай оқырмандарынан сырт келбеті үшін сөз естіді

484
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Алтынай Жорабаева оқырмандарынан сырт келбеті үшін сөз есті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Әнші туған күнінде күйеуі мен қыздарынан құттықтау алған сәтін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 

Құшағын толтыра гүл алып, торттың үстініе жағылған шырақты үрлеп, бағалы телефон алды. Видеода көрініп тұрғандай, отбасылық әсерлі құттықтау болған. 

Әншінің әріптестері мен оқырмандары жүрекжарды құттықтау тілектерін жазды. Дегенмен, кейбір оқырмандарға бұл үрдіс ұнамай қалған сыңайлы. 

"Не болса да жариялайтын заман болды. Бұл ешкімге қажет емес. Мақтанып инста, басқа да интернет желісіне жариялау", "Тоқсан тоғыз рет байға шықса тағы салады. Сол мәртебесі. Қарауға ұят, пілдей болып кеткен", деп жазды әншінің оқырмандары. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.