AZ мен Ерке Есмаханның бірдей киінген видеосы желіде қызу талқыланды

363
Отандық шоу-бизнестегі жарасымды жұптардың бірі Ерке Есмахан мен AZ лақап атымен танымал Азамат Зенкаев жанкүйерлерін жаңа видеомен қуантты. Жұлдызды жұп  өздерінің әлеуметтік желідегі парақшаларында  қол ұстасып келе жатқан бейнежазбамен бөліскен деп жазады "Opennews.kz"  ақпарат агенттігі.

Аталмыш видео Азамат Зенкаевтың Instagram парақшасында пайда болған. Бейнежазбадан жұлдызды жұптың қол ұстасып серуендеп келе жатқандарын көруге болады. Желі қолданушылары бірден оларды қызу талқыға алып, өз пікірлерімен бөлісті. Кейбір оқырмандар қос ғашықтың бірдей киініп алғанын байқап, олардың талғамына жоғары бағасын беріп өтті. Азамат пен Еркенің жеке өмірін жіті қадағалап отыратын жанкүйерлері олардың видеосына тәнті болып, ғашықтарға деген ақ тілектерін жаудырды. "Бақытты болыңдар. Көз тимесін", "Тәтті жұп. Жас айырмашылықьары білінбейді екен", "Жарасып-ақ тұр екеуі. Бақытты болыңдар", "Махаббаттарың баянды болсын", "Бірдей стильде киініп алыпты. Жарайсыңдар", "Стильдерің ерекше, сендерге қатты қызығамын", "Шынайы махаббат бар", - деп жазуда көпшілік. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.