"Об асфальт размажу деді"...

543
"КешYOU" тобында өнер көрсетіп қалың көпшілікке танылған әнші Жұлдыз Өмірғали өзінің жеке өміріне қатысты бұрын-соңды айтпаған сырларымен бөлісті. Айқын Төлепбергеннің жары оның бірінші келіншегімен арақатынасы қандай екенін жайып салды. Жұлдыз жолдасының бұрынғы әйелінен қатты қорқатынын жасырмады.

Жұлдыз Өмірғали күйеуінің бірінші келіншегімен әлі көзбе-көз кездесіп көрмеген. Алайда, қос бикеш балалар мәселесі бойынша арасында хабарласып тұратын болып шықты. 

Оған қоса, "КешYou" тобының экс-мүшесі Айқынның бұрынғы жарынан қорқатынын айтты. Әнші оның себебін "Хит ТВ" арнасындағы "Менің өмірім" бағдарламасында түсіндіріп, бұған дейін еш жерде айтпаған тың мәліметтермен бөлісті. 

"Осы уақытқа дейін кездесіп көрмегенбіз. Бірақ, бір-бірімізді сырттай танимыз. Маған бір-екі рет хабарласқан болатын. Ол кезде кино жайлы мәселе туындап, екеуі қырылысып жатқан болатын. Содан кейін хабарласқан емес. Балаларды алып кетіп, апарып тастайтын кезде Айқынның үлкен ұлы Ансар тұтқаны көтермесе, Әселге хабарласамын.Бірақ, көзбе-көз кездесіп көрмедік. 

Ол кісімен көрісуге бір қорқыныш та бар шығар. "Я тебя об асфальт размажу" дегеннен кейін қорқады екенсің. Басында солай айтқан еді. Ал қазір не істейтінін білмеймін. Өмірімде төбелесіп көрмеген адаммын. Сондықтан, мен ол жақта да жылай салатын секілдімін" , - деп ағынан жарылды әнші.