Актёр Жахан Отарғалиев: "Әке" деп айтуға рұқсат бермеймін

2 618

Фото: instagram.com/zhahan_utargaliyevТанымал әзілкеш әрі актер Жахан Отарғалиев жаңа отбасы туралы алғаш рет ашық айтып, екінші әйелінің қыздарымен қарым-қатынасы жайлы сөз қозғады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Отарғалиев берген сұхбатында өзіне “әке” деп атауға рұқсат бермейтінін, әр баланың өз әкесіне құрметі сақталуы тиіс екенін айтты.

“Өздерінің әкелері бар кезде мені ‘әке’ деп айту дұрыс емес. Басыңа қандай жағдай түссе де, ондайға жол беруге болмайды. Біз алғаш танысқанда-ақ ‘Мен сіздерге көкемін, әрқашан қолдаймын, қорғаймын, бірақ әке емес, көке боламын’ деп түсіндірдім. Қыздарды туған қызымдай жақсы көремін. Дегенмен жүректің түбінде ‘өзімдікі қашан болады?’ деген ой тұрады екен”, – деді ол.

Айта кетейік, Жахан Отарғалиев әнші Балжан Бидашпен ажырасқаннан кейін шамамен бір жарым жылдан соң үшінші рет шаңырақ көтерді. 

Кейінірек актер жеке өміріне қатысты қойылған сұрақтарға қысқаша жауап беріп, отбасылық өмірінің тыныштығын басты орынға қоятынын жеткізген.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.