Қазақстандық блогер 90 миллион теңгелік көлігінен айырылды

459
Отандық блогерлер Нұрдәулет Бектұрсын мен Jasik JJJ көлікке бәс тіккен. Нұрдәулет Бектұрсынның көлігі 90 миллион теңгеге, ал қарсыласының темір тұлпары 60 миллион теңгеге бағаланған. Алайда баға бәске кедергі болмаған тәрізді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бәс тігу үш кезеңнен тұрған. Алдымен екі блогер 400 метр қашықтыққа жарысып, мықтыны анықтаған. Ол - Нұрдәулет Бектұрсын.

Бірақ екінші кезең екі қатысушыға да қиынға түскен. Олар Алматыдан Таразға баруы керек болған. Осылайша,  2,5 сағатқа жуық уақытта мәреге келген Jasik JJJ лақап атымен танымал блогер жеңген.

Бәс жарыстың ақтық кезеңінде блогерлер таңдаған екі адам, рингте күш сынасқан. Нәтижесінде 2:0 есебімен елордалық блогер Jasik JJJ бәсті жеңген. Ол бәс тігу шарты бойынша Бектұрсынға тиесілі құны 90 миллион теңге болатын Mercedes көлігінің жаңа иесі атанды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.