Актриса Дариға Бадықова тойда ән айтып, тұсау кесе бастады

452
Отандық актриса Дариға Бадықова тойда ән айтып, тұсау кесе бастады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Бадықованың айтуынша, одан көрермені қызының тұсауын кесіп беруін өтінген. "Кішкентай қызымыздың тұсауын кесіп, әніңізді айтып беріңізші" деді көрермен, - деп жазды актриса. 


Ал желі қолданушылары актрисаның бұл ісіне сәттілік тілейтіндерін білдірді. "Дариға ханым, керемет. Әдемі даусыңыз да бар екен ғой. Жеті қырлы, бір сырлы актриса болдыңыз. Мен сіздің өнеріңізді құрметтеймін. Кинодағы рөлдеріңіз өте шынайы шығады", "Күшті әнші екенсіз ғой. Дауыс ырғағы, бәрі керемет". "Қазақ салтында тұсау кескен сәтте артынан кеседі де, баланы алып тәй-тәйлайды. Сіз неге алдынан кестіңіз?", "Айсара деп танып алған соң, Дариға деген қызық екен сізге. Жарайсыз, сізге тартқан бала жаман болмайды", - деп жазды желі қолданушылары. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін продюсері Гүлнұр Мамасарипова "Келінжан" телехикаясының актерлері қанша гонорар алғанын айтқан болатын.