Әбдіхалықов пен Жорабаеваның қыздары да өнер жолын таңдаған
303
Сәбит Әбдіхалықов пен Алтынай Жорабаеваның ортақ некесінен туған қыз грант иегері атанды. Айнара "Шабыт" университетіне оқуға түскен. Ол "актер" мамандығын таңдады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қызының қуанышын айтып, қос жұлдыз елден сүйінші сұрады.
"Аллаға сансыз мадақтар мен шүкірлер! Міне, Алланың қалауымен Айнара қызымыз Қазақ ұлттық өнер университетінің Операторлық өнер мамандығына грантқа оқуға түсті. Қадамың құтты болсын, балапаным.
Айнарама жазған ақ тілектеріңізге мың алғыс. Алла еселеп қайтарсын", – деп жазды Алтынай Жорабаева.
Айнарама жазған ақ тілектеріңізге мың алғыс. Алла еселеп қайтарсын", – деп жазды Алтынай Жорабаева.
Ал Сәбит Әбдіхалықов қос бірдей перзентінің жетістігімен мақтанды. Актердің бірінші некесінен туған ұлы Асылжан жоғары оқу орнын бітіріп, диплом алса, екінші некесінен туған қызы Айнара оқуға түскен.
"Айнара қызым "Шабыт" өнер университетінің грантына ие болды, кино саласын таңдады. Құтты болсын, қызым!" – деп жазды ол.
Желі қолданушылары Айнараның әке жолын қуғанын айтып, құттықтады.
"Сіздің жолыңызды қуыпты, жарады, құтты болсын", "Кино саласын таңдаса, өзіңізге тартыпты. Оң болсын", "Құттықтаймын! Қызыңыз әдемі екен. Әкесінің өнерін таңдапты. Жарайсың, Айнара!", "Әке жолын қуған ақылды қыздар", – деп пікір білдірді желі қолданушылары.