«Қазақтың салт-дәстүрін «ширк» етіп көрсеткен»: кәсіпкердің "Дәстүр 2" фильміне наразылығы
1 519
Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила “Дәстүр 2: Теріс бата” фильмі туралы ойымен бөлісті. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
”Бүгін жұбайыммен Қанат деген сценарист бауырымның өтінішімен «Дәстүр 2 Теріс бата» деген фильмге барып қайттық. «Таптым ау сені» деген фильмнен шыққан соң «Шошқа қораға барып тамақ ішкендей күйде» болдым деп едім. «Дәстүр 2» ден соң өлген адамның мүрдесін жеп жатқан құзғындардың арасында болғандай күй кештім!
Қазақтың салт-дәстүрінің бәрін «ширк» қылып көрсетпек арам пиғылдары айғалап ақ тұр! Қалай осындай өлермендікпен өз ұлтын, ата-бабасын жек көруге болады? Қайранмын! Әйгілі Ысқақтың стримінде «Қазақтың жарты жерін арабтарға бере салу керек» деп шатып отырған арабқұлдарды тыңдап, жаным аза-қаза болып еді. Бүгін мынаны көріп, бұл сұмдықтың қалай терең тамыр алып кеткенін көріп шошып отырмын.
Бұл фильмдер Қазақтың түп-тамырына сілтеніп жатқан балта деп білем! Жастар толып отыр, билет басқа киноларға қарағанда екі есе қымбат! Кино мен үшін «ужас», яғни қорқынышты болған жоқ! Бірақ ниеті арам адамдардың жүрек айнытатындай сұмпайы пиғилы, өз ұлтына деген өлермендікпен жасалып жатқан қастандығы жаға ұстатты! Айға қарап ұлыған, екі аяқты сұмпайы жауыздың арам пиғылынан құса болған қасқырдың жағдайы дәл қазір Қазақтың басына келген екен! Өмірден түңіліп кеттім! Сұмдық! Қайда кетіп барамыз”, — деп жазды кәсіпкер.

Естеріңізге сала кетсек, “Дәстүр 2: теріс бата” фильмі хоррор жанрындағы туынды. Фильмнің режиссері — Әлішер Утев.