Мақпал Исабекова өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққанын мойындады

473
Бұған дейін желіге некелесу рәсімінен суреттерін салған Мақпал өзінің таңдауы түскен жігіттің кім екенін көрсетпеген болатын. Сүйіктісінің жүзін жұрттан жасырған әншінің тыңдармандары оның өзге ұлт өкілінен екенін жарыса жазған болатын. Бұл ретте әнші де үнсіз қалуды жөн санамай, желіге ашығын жазды. "Менің ата-анам екі түрлі ұлттың өкілі. Әкем - қазақ, анам - ұйғыр қызы. Екі ұлттың қызымын. Бұл мен үшін ұялатын емес, керісінше, мақтанатын жайт. Өзгелерді ұлттық көзқарастар тұрғысынан бағалайтындарды ешқашан түсінбеймін. Барлығымыз жер бетінде өмір сүреміз, бөлісетін де ешнәрсеміз жоқ . Барлығымыздың қанымыз қызыл түсті, ал жүрегіміз бірдей ауырып, бірдей сүйеді.  Мен бойында бірнеше ұлттың қаны бар адамды сүйіп қалдым. Мен оның көзінің үлкен-кiшілігін емес, жанын сүйдім. Бірақ, шыны керек, бұл маған қараған ең әдемі көздер. Мен үшін бұл көзқарас өте ыстық.  
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.