Әнші Әбдіжаппар Әлқожа басынан өткен қиын жағдай туралы айтты

2 513

Фото: әлеуметтік желіТанымал әнші Әбдіжаппар Әлқожажурналист Аман Тасығанға берген сұхбатында өміріндегі ең ауыр сәттердің бірі туралы айтып берген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесінің сөзінше, ол ешқашан атақ немесе мансап үшін ықпалды адамдарға жағымпазданбаған.

«Ешқандай ағаның артына кіріп, атақ үшін, мансап үшін жағымпазданған кезім болмады. Соған қуанамын», – деді әнші.

Әбдіжаппар Әлқожа бір концерт ұйымдастыру кезінде қаражат жетіспей, таныс ағаларының бірінен қарыз сұрауға мәжбүр болғанын еске алды. Оның айтуынша, бұл жағдай өзіне ауыр тиген.

«Бір рет бір жағдай болды. Концерт өткізуіме біраз ақша жетпей, танитын көкемізден барып, қарызға ақша сұрадым. Өмірімде бұлай қорланбаған шығармын. Менің әрі кетсе бір тойда табатын ақшам ғой ол сома», – деді ол.

Әншінің айтуынша, қолдау сұрағанымен, өтініші қабылданбаған.

«Қатты өкіндім. Қатты жыладым. “Е, Алла, кешірші мені, адамға мұқтаж болғаным үшін кешірші мені” деп қатты жыладым», – деп еске алды өнер иесі.

Ол осы оқиғадан кейін ешкімнен көмек сұрамауға және өз күшіне ғана сенуге тырысқанын айтқан.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.